È

Аңыз адам туралы фильм

Аңыз адам туралы фильм

«Подлинно народный» – бұл Абдолла Қарсақбаев туралы бірінші деректі фильм емес. Кинолента авторының өзі айтқандай, бұл жоба түсірілімін бірнеше рет артқа жылжытуға тура келген. Бұған себеп кинокартинаның құнын төмендететін ететін өсек-аяң. Бірақ ештеңеге қарамастан фильм жарық көрді, осының өзі құрметке лайық.

Тоқтар Қарсақбаев, режиссер:

– Адамдар аз да болсын кино тарихынан хабары болуы үшін, тұлғаларымыздың өмірімен танысуы үшін осындай деректі фильм түсірілді. Бұрын қазіргідей техникалық пргоресс болған жоқ қой, кино түсіру өте қиын болды. Соған қарамастан шедеврлер жасалды. Бүгінде режиссерлер де көп, түрлі техника да жеткілікті, бірақ бұрынғыдай деңгейі биік картиналар жоқтың қасы. Кино саласында жүрген адам осы саланың шеберлерін, классиктерін білуі тиіс. Тарихи тұлғалардың рухын құрметтеп, өткенге салауат айтқан дұрыс. Қазіргі кезде біздің режиссерлеріміз Кеңес одағы ыдырағанға дейін қазақ киносы болмағандай жүреді. Өзім осы фильмді түсіруде үлкен жауапкершілікті сезіндім. Деректі фильмде барлық шындықты, жақсылықты да, жамандықты да көрсету керек. Бірақ жақсылық тасты жарып шыққан шөптей қиындықпен келеді ғой, бұл – тарих. Өнерде көптеген «суасты ағыстары» болған, осы тақырыптарды алдағы жобаларымда көтермекпін, яғни болашақтың егшісінде. Қандай да бір талдау жасағым келеді.

Кинолентаның түсірілімі 10 айға созылды. Түрлі мұарғаттарды ақтардық, Абдолла Қарсақбаевты танитын адамдар табылды. Көрермендерге бұған дейін ешкімге белгісіз болған құнды деректер ұсынылады.

Сондай-ақ Тоқтар Қарсақбаев қазіргі режиссерлер мен сценарийстерге өз тілегін қалдырды:
– Ең алдымен, шығармашылық табыстар тілегім келеді. Сіздер қазіргі техникалық прогресс уақытын жақсы пайдалануларыңыз керек. Шетелдерге барып, түрлі байқауларға қатысу қажет. Фильмде өткен тарих, кино, мемлекет көрініс табуы тиіс. нағыз Шығармашылық болғанда ғана сырты жылтыраған дүние емес, мықты дүние шығады. Киноны жақсы көретін, өз ісін сүйетін адам мақсатына жетеді. Старковский айтқандай: «Дарындылықтың ең бірінші белгісі – сыпайылық».

 

Ақылбек Шайзарат

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Францияда Қазақ киносының фестивалі өтті

Қазақ киносының фестивалі «Айка» фильмімен ашылды

Brod.kaz

«Жаралы періштенің» қазақстандық тұсаукесері

Алматыда «Арман» кинотеатрында 13 мамыр күні «Жаралы періште» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл картина Қазақстанда көрсетілгелі отырған Эмир Байғазиннің екінші режиссерлық жұмысы.

Айнур

Казахстанское кино

26 Апреля, 2016

«Бітімгерлікті күшейтудің жол картасы»

Мемлекет басшысының телерадиокешені «Бітімгерлікті күшейтудің жол картасы» атты деректі фильм дайындады.Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы айтылады. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер