È

Азиз Жамбакиев қазақстандықтарға өзінің «Мотылек» фильмін ұсынды

Азиз Жамбакиев қазақстандықтарға өзінің «Мотылек» фильмін ұсынды

Алматыда Азиз Жамбакиевтің «Мотылек» фильмінің тұсаукесері өтті. Қысқаметражды лента Пусанда, Колумбияда және Непалда өткен халықаралық кинофестивальдарға қатысып та үлгерді.

Азиз Жамбакиев «Мотылек» картинасын түсіруге не түрткі болғанын айтып берді:

«Маған сюжте немесе қызықты оқиғасы бар фильмді түсіру ешқашан қызық болған емес. Режиссер ретінде мен үшін көрерменмен оқиғамен немесе сюжетпен ғана емес, кино тілімен тілдесу мңыздырақ. Мен үшін кинематограф – бұл образдар мен символдар, мен осын «Мотыльк» фильмінде көрсетуге тырыстым. мені қашанда біздің эстетика қызықтыратын, осыны дамытуға біздің мүмкіндігіміз өте мол. Өзімнің жұмысымды өз отанымда көрсету мен үшін үлкен мәртебе».

Авторлардың айтуынша, кинолентаның негізгі мақсаты - басты кейіпкердің ішкі арпалысын, қорқынышын көрсету. Фильмде қыздың бір сарынды өмірі мен мұңын көрсететін уақыт есебі бар.

Сценарийді жазған Азиз Жамбакиев және Алена Алова. Фильм 2015 жылы арнайы шақырылған актерлердің қатысуымен шақырылды: Әсел Сағатова, Аружан Джазильбекова және Қарлыгаш Мұхамеджанова. Басты рөлдерді Нелли Цай, Куат Абешев және Әйгерім Мұстафа ойнады.

Режиссерды дебютімен құттықтауға достары мен әріптестері жиналды. Олардың арасында: режиссер Асқар Ұзабаев, продюсер Бауржан Шүкенов, актер Азиз Бейшеналиев, композитор Алим Заиров және басқалар.

Азиз Жамбакиевтың айтуынша, «Мотылек» өзінің жақын досы, әріптесі Сафар Шакеевке арналады.

Александра Терпиловская

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер