È

Baikonyr Short Film Festival-2018: Фестивальді «Маусым соңы» фильмі ашады

Baikonyr Short Film Festival-2018: Фестивальді «Маусым соңы» фильмі ашады

20 қыркүйек күні Алматыда Baikonyr Short Film Festival ашылуында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» картинасы көрсетіледі. Шараның бас демеушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, ал бас серіктесі – Kinopark Theatres.

«Маусым соңы» фильмі күйеуінің қонақ үйіне келетін Роза жайлы баяндайды. Оның тыныштығын кездейсоқ кездесу бұзады. Әйел қайтадан сезім әлеміне тап болады.

Таспадағы басты кейіпкерлерді Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, «НИКА» жүлдесінің иегері Роза Хайруллина және қазақстандық актер, XIII Қазан кинофестивалінің жүлдегері Дулыға Ақмолда сомдады.

Картинаның режиссері әрі сценарий авторы – Жаннат Алшанова. Таспа түсірілімі Қазақстанда, Қытай арасындағы шекарада өтті. Оған қоюшы-оператор Джем Демирер, қоюшы-суретші Саша Шегай және дыбыс режиссері Боян Паликуча атсалысты.

«Маусым соңы» драмасының әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінде болды. Картина Cinefondation қысқаметражды таспалар бағдарламасының шорт-парақшасына енді. Отандасымыздың фильмі бүкіл әлемнен келіп түскен 2000-нан астам өтініштің іріктеуден өткен 17 жұмысының ішінде болды.

Baikonyr Short Film Festival 2016 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Үшінші фестиваль 20-23 қыркүйек аралығында болады. Салтанатты ашылуы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді. Қатысушылардың жұмыстары екі қалада – Алматы мен Астанада көрсетіледі.

Еске сала кетсек, өтінімдерді қабылдау әлі жалғасуда. Фестивальге өтінішті 31 тамызға дейін Baikonur.brod.kz ресми сайты арқылы беруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

Халықаралық қазылар алқасын Oberhausen ISFF іріктеушісі Кристиана Бюхнер басқарады

Brod.kaz

«Angry Birds в кино» 66 миллионов табыс тауып үлгерді

Қандай фильмдерге қазақстандықтар ақшаны аямайды. 

Айнур

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер