È

Қазақстандық режиссердің картинасы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілмек

Қазақстандық режиссердің картинасы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілмек

Режиссер Жаннат Алшанованың «Маусымның соңы» қысқаметражды картинасы 71-ші Канн кинофестивалінде көрсетілмек. Картина Cinefondation бағдарламасына ұсынылған және 2426 өтініштің ішінен таңдалып алынған.

«Маусымның соңы» кинотаспасы күйеуінің қонақүйіне келіп, күтпеген кездесуден өмірінің шырқы бұзылған Роза жайлы баяндайды. Бұл өткені мен бүгінін байланыстыратын түс пен қиял жайлы фильм. Сондай-ақ, бас кейіпкердің сезімталдық қасиетін де оятады. Картина Қазақстанның Қытаймен шекарасында түсірілген болатын. Басты рөлдерді Роза Хайруллина және Дулыға Ақмолда сомдады.

Жаннат АлшановаMaster of Arts Filmmaking бағдарламасы бойынша оқыған Лондон киномектебінің түлегі. Шетелде 3 жыл білім алған отандасымыз бірнеше қысқаметражды фильмдерге - «Заноза» (Түркия), «Қайың» (АҚШ) және Оңтүстік Африкада түсірілген «Біз разымыз» толықметражды фильміне (Қауымдастырылған продюсер) продюсерлік етті. Ал 2016 жылы оның «Ақ Орхидея қонақүйі» таспасы Канн фестивалінің Short Film Corner алаңының қатысушысы атанды.

Cinefondation – әлемнің студенттік фильмдері қатысатын ресми бағдарлама бөлімі. Биыл аталмыш бағдарламаға Аустралияда, Иранда, Италияда, Қытайда, Португалияда, Румынияда, Францияда және Чилиде түсірілген 16 көркем фильм және 1 анимация енді.

71-ші Канн кинофестивалі 2018 жылдың 8 мамырында басталып, 19 мамырға дейін жалғасады. Қазылар алқасының төрайымы актриса Кейт Бланшетт болмақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер