È

Бақтияр Сейтқазиев: «Бақсы дуасы» - бұл жастарға өмірлерінің қулық-сұмдықтың негізіне айналуы мүмкін екенін жеткізу»

Бақтияр Сейтқазиев: «Бақсы дуасы» - бұл жастарға өмірлерінің қулық-сұмдықтың негізіне айналуы мүмкін екенін жеткізу»

2018 жылдың басында қазақстандықтарға «Бақсы дуасы» психологиялық триллері ұсынылмақ, фильмнің режиссері әрі сценарий авторы - Бақтияр Сейтқазиев. Картина қоюшының «Алыстан келген хат» мелодрамасынан кейінгі екінші толықметражды жұмысы болып табылады. Бақтиярдың триллер жанрында жаңа кино түсіруіне не себеп болды? Ол бұл жайында «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Фильм идеясы 2013 жылы туындаған, сол кезде Мәскеуде, Домодедовода өзін-өзі жарған жас жігіт туралы репортажға көзім түсті. Содан бастап, «Адамды өзін-өзі өлтіруге не итермелейді екен?»,- деген ой келді. Кейін, өміріміздің негізгі аспектілерінің бірі сананы тазарту екені түсінікті болды. Бұл тек дінге ғана емес, сонымен қатар өмірдің көптеген аспектілеріне байланысты»,-дейді режиссер.

«Бақсы дуасы» фильмінен көрініс

Сюжетте IT-маманы Гиз негізгі кейіпкер болып келеді, оны қызмет бабымен Алматыға жібереді. Қалаға келген жас жігіт өз-өзіне есеп бермей, екі қылмыс жасайды. Гиз қатігез қылмысқа не үшін барғанын және шынайы қылмыскердің кім екенін көрермендермен бірге анықтайды.

«Біздің фильм заманауи жастарға түсінікті стилистика мен формаға сүйене отырып, өмірлерінің қулық-сұмдықтың негізіне және нейролингвистік бағдарлауға айналуы мүмкін екенін жеткізу болып табылады. Біз діни сенімді ұстанушылардың сеніміне селкеу түсіру үшін емес, ойлануға азық беру үшін әрекеттендік»,-деп қосты Бақтияр.

Режиссердің айтуынша, көрермендер картинадан көптеген жас актерларды көре алады, олар – Гиздың рөлінде Еламан Есентаев және Эля (Гиздың ғашығы) рөлінде Аяна Құсайынова. Психосарапшы Даниялдың образын Әзиз Бейшеналиев сомдады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер