È

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің постеріне шықты

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің постеріне шықты

«Тағдыр бекеті» отандық мелодрамасының шығатын күні белгілі болды. Продюсер Баян Алагөзова түсірген картина 2019 жылдың 24 қаңтарында кинотеатрлардан көрсетілмек.

«Тағдыр бекеті» фильмін Shine production продюсерлік орталығы түсірген. Бас продюсері әрі рөлдердің бірін сомдаушы - Баян Алагөзова. Таспа сценарийін Сергей Литовченко жазды. Жобадағы режиссерлік орынға Ернар Нұрғалиев ие болды.

Желіде фильмнің кейіпкерлер бейнеленген постері шықты, кейіпкерлерді Асқар Ілиясов, Әйгерім Мақсұтова, Бөпеш Жандаев және Кубанычбек Адылов сомдады. Афишада Баян Мақсатқызы бейнеленген.

Еске салсақ, фильм түсірілімі осы жылдың шілдесінде өтті. Мелодрама Алматыда және Алматы облысында орналасқан Сарыөзек ауылында түсірілді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Айдана Бейсенбай

26 января 2019, 02:50

Кино оте асерлы, кулетын жеры де жылайтын тусы да бар! Оз басым коруге кенес берем, махаббаттарынз баянды болсын!

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер