È

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің актерларын таныстырды

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің актерларын таныстырды

Баян Алагөзова өзінің «Тағдыр бекеті» атты жаңа картинасында басты рөлдерді сомдайтын актерларды таныстырды. Еліміздегі белгілі продюсермен жұмыс істеу мәртебесі жас актерлар Асқар Ілиясов пен Әйгерім Мақсұтоваға бұйырды. Баян Мақсатқызы хабарлағандай, Shine production компаниясы түсірілімге жақын арада кіріседі.

«Жігіт пен бойжеткен. Сіздерді басты кейіпкерлерімізбен таныстырайын. Асқар Ілиясов пен Әйгерім Мақсұтова. Алғашқы түсірілім күні ертеңнің арғы күні басталады» (Пунктуация мен орфография сақталған. – Ред.), - деп жазды Баян Алагөзова Инстаграм парақшасына.

Асқар Ілиясов Астанада дүниеге келген, мектеп бітірген соң Борис Щукин атындағы Мәскеу театр институтына оқуға түседі. Асқар отандық көрерменге Данила Козловскийдің «Жаттықтырушы» ресейлік таспасы арқылы жақсы таныс. Сондай-ақ, актер алдағы уақытта Ақан Сатаевтың екі картинасы – «Кәсіпкерлер» мен «Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмдерінде ойнайды.

Әйгерім Мақсұтова сәнбике ретінде көбірек танымал. Ол 2016 жылы жарыққа шыққан Илья Таучеловтың «Көл» драмасына түскен.

Еске салсақ, «Тағдыр бекеті» 1993 жылғы «Махаббат бекеті» мелодрамасының жалғасы болмақ. Картинадағы рөлдердің бірін Баян Алагөзованың өзі сомдайды.

 

 

Превью: Баян Алагөзованың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер