È

Бүркіт «Тілек тіле» фильмінің түсірілімін бастады

Бүркіт «Тілек тіле» фильмінің түсірілімін бастады

Режиссер ретінде алғашқы қадамдарын жасап жатқан отандық әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) жаңа киносының түсіріліміне кірісіп кетті. Әртіс «Тілек тіле» уақытша атауы бар экшн-комедия түсіріп жатыр.

Фильм сценарийін «Келін де адам баласы», «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» және «Қазаша кәсіп Америкада» комедияларының авторы Әуез Әуезов жазды. Бүркіттің түсірілім тобына екінші режиссер Артем Ганцев, қоюшы-операторлар Олжас Ибраев пен Владимир Пак енді. Жобаның атқарушы продюсері - Әсел Асқар («Ең сұлу»).

Басты рөл әнші Индира Еділбаеваға сеніп тапсырылды. Сондай-ақ, фильмге Бауыржан Сатов пен Асылбек Мұсабеков түсіп жатыр.

Комедия түсірілімі Алматы және Алматы облысында өтуде. Таспа өндірісімен Otan film компаниясы айналысуда.

Еске сала кетсек, бұл - Айбек Жансейітовтың екінші киножобасы. Оның режиссерлік дебюті 2017 жылы желтоқсанда «Апан» фильмімен басталған.

 

Превью: Бүркіттің Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер