È

Бүркіт жаңа фильм түсіреді

Бүркіт жаңа фильм түсіреді

Бүркіт лақап атымен танылған әнші Айбек Жансейітов екінші толықметражды фильмін түсіруді жоспарлауда. Әнші жаңа картинаның түсіріліміне биылғы жылдың мамыр айында кіріспек.

Алдағы уақытта түсірілетін фильмнің атауы әзірге құпия болып отыр. Таспаның комедия элементтерінен құралған атыс-шабыс жанрында түсірілетіні ғана мәлім. Жоба өндірісімен OTAN Film кинокомпаниясы айналыспақ.

Бүркіттің алғашқы режиссерлік жұмысы «Апан» экшн-триллері болатын. Картина көрермендерге 2017 жылдың қараша айының соңында ұсынылған. Айбек Жансейітов фильмде режиссер, қосалқы продюсер және сценарийдің қосалқы авторы болған, ал Жан Байжанбаев, Бауыржан Сатов және Марат Абай-Ділда кадрдан көрінді.

Еске сала кетсек, отандық әнші дебютті картинасына 200 мың долларға жуық қаржы жұмсаған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 01:53

Удачи мой земляк. Ты делаешь успех.

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер