16-сы мен 19-ыншы маусым аралығындағы бокс-офис
Өткен демалыс күндері көрсетіле бастаған «В поисках Дори» мультфильмі 23 121 530 теңге табыс түсірді. Лентаның басты кейіпкерлері Эллен ДеДженерес («Если бы эти стены могли заговорить 2»), Эд О’Нил («Власть страха»), Кэйтлин Олсон («Как выйти замуж за 3 дня»), Альберт Брукс («Таксист») және басқалардың дауысымен сөйледі. _zfdg.jpg)
«Иллюзия обмана 2» фильмінен кадр
«Иллюзия обмана 2» 16 510 020 теңге пайда әкелді. Айта кетейік, актер Джей Чоу мен оның сүйіктісі Ханна Куинливанның үйлену тойынан кейін бірден Лондонда фильмнің түсірілімі басталды.
Қорқынышты фильмдерді көрермен аса ынтызарлықпен көрді деп айта алмаймыз. «Заклятие 2» 15 991 250 теңге жинады. Rotten tomatoes сайиының деректері бойынша картинаға 145 пікір жазылған, солардың 75-і жағымды пікір, хоррордың орташа бағасы – 6,5 балл.

«Заклятие 2» фильмінен кадр
«Черепашки ниндзя 2» фильмнің табысы 5 941 540 теңгеге дейін төмендеді. Картинаны жасаушылар 1987 шыққан мультсериалға құрмет ретінде фильмге күлгін түсті. мутаген қоюды ұйғарыпты,бұрын мутегендері түрлі-түсті болатын.
«Варкрафт» фэнтези-атыс-шабыс фильмі өзінің жасушыларына әлі де табыс әкелуде. О баста Лейн рөлі Колин Фарреллге («Телефонная будка») ұсынылған болатын, бірақ Доминик Куперге («Уже скучаю по тебе») бұйырды.

«Славные парни» фильмінен кдр
«Славные парни» криминалдық комедиясы 3 252 810 теңге касса жинады. «Алиса в Зазеркалье» 1 636 600 теңге, ал «Финансовый монстр» 1 240 450 теңге пайда түсірді. Бокс-офис «Angry birds в кино» - 343 200 теңге, «Людей Икс: Апокалипсис» - 166 700 теңге. «Большой всплеск» 101 050 теңге көлемінде, «Человек из будущего» - 52 800 теңге табыс әкелді. «Сезон охоты: Байки из леса» және «Кунг-фу Панда 3» мультфильмдеріне өткен демалыста 40 400 теңге және 28 500 теңге бұйырды. Ресейлік«Чистое искусство» триллері 2 200 теңге табыс тапты.
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін