È

Шыңғыс Қапин: «Мен ақшаға көп алдандым»

Шыңғыс Қапин: «Мен ақшаға көп алдандым»

Биыл қазақстандықтарға «Қаржыгер. Шығу ойыны» көркем фильмі ұсынылмақ. Картинаның негізгі тақырыбы биржа мен қаржылық алып-сатарлыққа қатысты болатынын түсіну қиын емес. Фильм кейіпкерлерінің бірін актер Шыңғыс Қапин сомдады.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» - брокерлер Руслан мен Таирдың хикаясы, олар мансап жолында көптеген сынақтарды бастарынан өткереді.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімінен сурет

«Картинада мен Русланның досы Таирды ойнаймын. Таир өте жылдам, қағілез әрі өзіне сенімді адам. Ол мақсатына жету үшін барлығына барады, ақшаның қадірін біледі. Маған қарама-қайшы кейіпкер. Сюжетті толық баяндай алмаймын, дегенмен кейіпкерлерге табыс пен адами құндылықтың біреуін таңдау қажет болады», - деді Шыңғыс Қапин.

Актер жобаның жаңа тәжірибе ғана емес, жаңа таныстарды сыйлағанын айтты. Шыңғыс түсірілім алаңында актер Асылхан Төлепов пен актриса Карина Жұмалиевамен бірінші рет жұмыс істеді.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімінен сурет

«Шығармашылық адамы ретінде ақшаға «шығармашылық» тұрғыда қараймын. Мен ақшаға көп алдандым. Кезінде 1000 долларға ұтылып қалған едім. Рөлге дайындалу барысында қаржы компанияларының арнайы тренингтеріне қатыстым. Енді мен біраз дүниені білемін, алдағы уақытта алданбау үшін барымды саламын», - деп бөлісті актер.

Еске сала кетсек, «Қаржыгердің» түсірілімі 2017 жылы күзде болған. Картинаны қоюшы-режиссер Елена Лисасина түсірген. Бас продюсері - Ерболат Байғанин.

 

Превью: Таисия Шайдарова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер