È

Алматыда «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі түсіріліп жатыр

Алматыда «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі түсіріліп жатыр

Алматыда «Қаржыгер. Шығу ойыны» көркем фильмінің түсірілімі өтіп жатыр. Кинотаспа режиссер Елена Лисасинаның дебютті толық метрі болып табылады. Картина өндірісімен «Караван» кинокомпаниясы айналысуда.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильміндегі оқиға біздің күндерімізде болған. Руслан бала кезіндегі қолы жеңіл досы Таирдың арқасында қаржыгер атанады. Жас брокер қаржы биржасы мен ірі келісімдер әлеміне тап болып, достары мен махаббатын, беделін ғана емес, өз өмірін де құрдымға кетіруі мүмкін.

Авторлардың айтуынша, бұл заманауи қазақстандық хикая шынайы өмірден алынған.

Картинада Русланды Асылхан Төлепов («Шыңырау»), досы Таирды Шыңғыс Қапин («Шала қазақ») сомдайды. Басты әйел рөлі жас актриса Карина Жұмалиеваға («Көне жетіген») бұйырды. Сондай-ақ, түсірілімге Алдабек Шалбаев, Бақытжан Әлпейісов, Филипп Волошин, Санұржан Сүлейменов, Қажымұқан Қалымбетов, Сая Оразгалиева және Семён Махов қатысып жатыр.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсіріліміне қоюшы-оператор Александр Вертяков және қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев атсалысуда. Картинаның көркемдік жетекшісі - Сатыбалды Нарымбетов, редакторы - Нұрлан Санжар, продюсері - Анна Чакиртова.

Фильм сценарийін Дмитрий Богомолов жазды. Жобаның бас продюсері - Ерболат Байғанин.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер