È

«Қаржыгер. Шығу ойыны» драмасының түсірілімі аяқталды

«Қаржыгер. Шығу ойыны» драмасының түсірілімі аяқталды

Алматыда «Қаржыгер. Шығу ойыны» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды. Картина Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен БМИК-тің түлегі, режиссер Елена Лисасинаның алғашқы толықметражды жобасы болып табылады.

Кинотаспада брокер Русланның өмірі бейнеленеді, ол өз күшін қаржы биржасында сынап көреді. Жас маманның алғашқы қадамы сәтті болады. Бірақ, кейіпкер бір ғана нәрсені есте сақтауы тиіс: қомақты ақша мен биржа әлемінде шиеленістер өте көп.

Картинадағы басты рөлді Асылхан Төлепов сомдады. Актердің түсірілім алаңындағы әріптестері Шыңғыс Қапин, Карина Жұмалиева, Сая Оразғалиева, Алдабек Шалбаев және Бақытжан Әлпейісов болды.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімінен сурет

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімі қазанда басталған болатын. Картинамен кәсіби мамандар айналысты, олардың құрамында қоюшы-оператор Александр Вертяков, қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев және кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов бар, Нарымбетов фильмнің көркемдік жетекшісі болды.

Драма өндірісімен «Караван» кинокомпаниясы айналысты. Жобаның бас продюсері - Ерболат Байғанин.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі айналымға 2018 жылдың көктемінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер