È

Шыңғыс Қапин: «Мен отандық киноларға барып тұрамын, бірақ соған ақша жұмсағаныма өкініп қаламын»

Шыңғыс Қапин: «Мен отандық киноларға барып тұрамын, бірақ жұмсаған ақшам үшін өкініп қаламын»

«ARTиШок» театрының әртісі ретінде көбірек танылған Шыңғыс Қапинді үлкен экрандардан сирек көріп жатамыз. Дегенмен, соңғы жылдары актер бірнеше рет қазақстандық фильмдерге түскен болатын. Шыңғыс неліктен отандық киноларға сирек түсетіні және төлемақысының құны жайлы «Кинокафе» бағдарламасында айтып берді.

«Маған ұнайтын рөлдер болады, бірақ идеясы мен сценарийіне қарап, оның бір күндік кино болатынын түсінемін. Маған идеясы жоқ онша емес сценарийлі жобадан рөл ұсынған кезде, режиссерге бір түсірілім күнімнің өзім алатын ақшадан 10 есе көп болатынын айтамын. Нәтижесінде, ол да бс тартады. Жалпы, түсірілім күнім аса қымбат емес. 300 доллар – мен келісетін орташа баға. Бірақ, бастысы ақша емес қой. Маған актер ретінде оқиға маңызды. Егер драматургия мен ойнайтын дүние болса, қос қолдап түсуге кірісемін», - деді Шыңғыс Қапин.

Сондай-ақ, актер көптеген отандық фильмдерге көңілі толмайтынын жасырмады. Шыңғыстың пікірінше, барлығына авторлардың білімі мен кәсібилігінің жетіспеушілігі кедергі келтіріп отыр.

«Кейде отандық киноларға барып тұрамын, бірақ адал еңбекпен тапқан ақшамды жұмсағанда, өкінемін. Себебі, бір бейнелерді ғана көремін немесе даладан келгендердің мәтінді әрең айтып жатқанының куәсі боламын, созылмалы картина мен жағымсыз музыка, түсі солғын бейнелер тағы бар. Сондықтан, мен үшін кәсібилік маңызды, актерларға академиялық білім аса қажет», - деп қоса кетті әртіс.

Еске сала кетсек, биылғы жылы Шыңғыс Қапиннің қатысуымен екі картина: «Қаржыгер: Шығу ойыны» драмасы және «Саташ» вестерні шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 апреля 2018, 01:51

Ну если говорить о кино, то думаю во первых мы развиваемся, и мы не так уж сильны в этом. У нас только получается снимать казахские приколы про свадьбу и тому подобные. В области фантастики я молчу, а в плане эффектов и музыки есть ахелесова пятка. Но не надо унывать, многие из актеров не учились в этой сфере или деятельности, они не читали много книг по истории. И правду будет искажать сам режиссер или же продюсер. То что вы хотите, в первую очередь надо делать самого с себя. Не надо жаловаться, мы придем к этому. Но со временем. Так, что внесите свой вклад в кино. Так как ваша душа любит. Все мы стараемся как и вы.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист