È

Дебютант Жандос Еспенбетов «Жұт» қысқа метрін түсірді

Дебютант Жандос Еспенбетов «Жұт» қысқа метрін түсірді. Қазақстан киносы

Биылғы жылдың шілдесінде «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлер байқауының жеңімпаздарын жариялады. Киностудия 5 үздік жұмысты таңдап алды. Соның бірі - «Жұт» қысқаметражды фильмінің сценарийі. Картина режиссері - дебютант Жандос Еспенбетов.

Қысқа метрдің сюжеті өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштықтан зардап шеккен адамдар туралы баяндайды.

«Бұл менің кинодағы дебютті картинам десем де болады, өйткені бұрын телевизиялық хикаялар, деректі фильмдер мен бейнебаяндар түсіріп жүрдім. Былтырғы жылы 5 ай бойы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі туралы деректі көркем таспаның түсіріліміне дайындалдым. Бірақ, түсірілім жұмыстары болмай қалды. Бұл мен үшін мықты дайындық болды, сондықтан «Жұт» қысқа метрінің түсірілімі ойдағыдай өтті. Өмірде ештеңе жәйдан-жәй болмайтындығына тағы да көз жеткіздім»,-деді Жандос Еспенбетов.

«Жұт» фильмінің түсірілімінен сурет

Қысқаметражды картинадағы басты рөлдерді Дархан Сүлейменов, Аида Жантілеуова, Ерболат Тоғызақов, Ғайникамал Байқошқарова және Нұрлан Жалғасов сомдады. Қоюшы-операторы Еркін Сәтенов, ал қоюшы-суретші Рустам Одинаев болды.

«Фильм түсірілімі – топтық жұмыс. Ең алдымен, Еркін Сәтенов пен Рустам Одинаевқа тамаша жұмысы мен тығыз шығармашылығы үшін алғыс айтқым келеді»,-деп бөлісті режиссер.

Картина авторлары мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі кинофестивальдерге қатысуды жоспарлап отыр.

 

Суреттер Жандос Еспенбетовтың жеке Instagram парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер