È

«Қазақфильм» сценарийлер байқауының жеңімпаздарын анықтады

«Қазақфильм» сценарийлер байқауының жеңімпаздарын анықтады. Қазақстан киносы

«Қазақфильм» киностудиясы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігімен бірге қысқаметражды фильмдерге арналған сценарийлер байқауының жеңімпаздарын жариялады. Іріктеліп алынған жұмыстар биылғы жылы «Қазақфильм» киностудиясының аясында өндірілетін болады.

Кәсіби қазылар алқасы бірнеше өтініштердің арасынан 5 үздік сценарийді таңдап алды. Олардың авторлары жас кинематографшылар болып шықты.

«Жасырынбақ» фильмі – екі кішкентай қыз туралы баяндайтын Венера Қайыржанованың жұмысы. Екеуі де сыртқы әлемнен жырақта өздерімен-өзі өмір сүреді. Себебі – олар ересектер мәселелерінің куәсі болған.

Венера Қайыржанова

«Тақия» картинасы - авторы Арман Баймұратов. Бұл Мақсұт шалдың хикаясы, ол қылтимадан қала дүрбелеңін және ығы-жығы адамдарды бақылап тұрады. Кейіпкер бұрыннан бері бір нәрсені өзгертуді армандайды.

Ардақ Жылысбаевтың «Жұт» фильмі өткен жүзжылдықтағы 30-жылды баяндайды. Сол жылдары қазақ халқы репрессия мен қуғын-сүргіннің құрбаны болып, жаппай аштыққа тап болған еді.

«Кешірім» қысқа метрі - авторы Берік Жақанов. Асан ұзақ жылдар бойы әкесімен хабарласпайды. Әкесінің қайтыс болғанын естіген кейіпкер кезінде жақын адамы болған жанның жерлеу рәсіміне аттанады. Асанның әкесімен байланысын үзуіне не себеп болды екен? Жігіт қазір қандай күйде екен – реніш басым ба, әлде өкініш пе?

Берік Жақанов

Ален Рахметалиевтің «Шыдамдылық» картинасы Анар туралы баяндайды. Әйел мүгедек күйеуін бағып-қағу үшін мейрамханада тазалаушы болып жұмыс істейді. Бірақ, ол өз өмірін түбегейлі өзгерте алады. Оның мүмкіндігі – жұмбақ жас жігіт.

Ардақ Жылысбаевтан өзге сценарий авторларының барлығы өз жұмыстарына режиссерлік етеді. «Жұт» фильмінің режиссері ретінде Жандос Еспенбетов таңдалды.

Еске сала кетсек, сценарийлер байқауы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап маусымға дейін созылған. Ұйымдастырушысы - «Қазақфильм» киностудиясының жанынан құрылған «Дебют» ШӨБ-і.

 

 

Превью: weproject.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер