«Она» фильмінің дистрибьюторы «Жиырмасыншы ғасыр ТМД Фокс» болмақ
Ақан Сатаевтың «Она» фильмі «Жиырмасыншы ғасыр ТМД Фокс» кинокомпаниясының қолдауына ие болды. Қазақстан кинотаспасына алғаш рет шетелдік деңгейдегі компания дистрибьютор болады. «Она» картинасы айналымға 30 қарашада шықпақ.
«Жиырмасыншы ғасыр ТМД Фокс» Голливуд компаниясы біздің «Она» фильміміздің ресми дистрибьюторы болатынын қуана хабарлаймын. Таспаны Ресей мен ТМД елдері тамашалай алады. Қазақстан кинематографында бұл бірінші рет болып отыр»,-дейді Ақан Сатаев.
«Она» кинотаспасы отандық кинодағы өзгешелеу жанр триллер ретінде түсірілген. Фильм кейіпкері – әйел мен қызы. Екеуі – мегаполистің жалғыз тұрғындары. Бір күні әйел қаладан бөтен біреудің ізін көреді. Ол өзінің тыныш өмірін біреудің бұзғысы келіп жүргенін сезеді.
Фильмге Айсұлу Әзімбаева және жас актриса Анастасия Вострова түсті.
Еске сала кетсек, «Она» фильмінің әлемдік тұсаукесері Оңтүстік Кореядағы XXII Халықаралық Пусан кинофестивалінде болады. Кинотаспа «Азия киносына бағытталған терезе»байқау бағдарламасында көрсетіледі.
Картина трейлерін мына жерден көре аласыздар.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін