È

«Мечта для родителей» деректі фильмі

«Мечта для родителей» деректі фильмі. Қазақстан киносы

Өтіп бара жатқан жылды режиссер-документалист Қанат Бейсекеев «Мечта для родителей» жаңа фильмімен аяқтады. Күзде режиссер ASTANA BANKI-мен бірлесіп акцию ұйымдастырған, онда банк тұтынушысы кредитті картаға тапсырыс берген кезде өзінің арманын жаза алады. Клиенттердің бірінің арманы осы жобаны жүзеге асыруға себеп болған.

«Біздің таңдауымыз Әсетке түсті. Оның арманы ата-анасын Еуропаға саяхатқа жіберу болды. Әсеттің ата-анасы 55 жыл бойы жұптары жазылмай бірге өмір сүріп келеді екен. Олар өмірлерінде шетелге шығып көрмепті. Біз олардың арманын орындауға міндеттіміз деп санадық та, жұпты Венаға шақырдық», - дейді Қанат Бейсекеев.



«Мечта для родителей» фильмінің кейіпкерлері - Үмбетәлі ауылының қарапайым тұрғындары Қуанышбай ата мен Жібек апа. Олар бес бала өсіріп, тәрбиеледі. Бүгінде олар үш немеренің, төрт шөберенің ата-әжесі.

Режиссердың айтуынша, ол өзіміздің қарапайым отбасының оқиғасын баяндап, Австрияның астанасы Венаны өз көздерімен көруге мүмкіндік бергісі келген.

Жобаның тағы бір қатысушысы Өскеменнің жарысушысы, оның да арманы жүзеге асты.Түсірілім тобымен бірге Нюрбургрингке (Германия) аттанды, онда ол жарыс даңғыл жолында көлік жүргізді.

Қанат Бейсекеевтің «Мечта для родителей» фильмін көруге шақырамыз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер