È

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы американдық айналымға шығады

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы американдық айналымға шығады

Отандық «Анаға апарар жол» драмасы жақында американдық айналымға шығады. World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы фильмді АҚШ аумағында көрсету құқығын сатып алды. Қуанышты жаңалықты картина режиссері Ақан Сатаев хабарлады.

«Достар, сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліссем деймін. World Wide Motion Pictures АҚШ аумағында «Анаға апарар жол» фильмін көрсету құқығын сатып алды, осы күзде біздің фильм АҚШ кинотеатрларынан көрсетіледі», - деп жазды Ақан Сатаев Инстаграм парақшасына.

«Анаға апарар жол» фильмінде Ілиястың хикаясы баяндалады, оны 30-жылдары күштеп анасынан айырады да, туған ауылынан жыраққа алып кетеді. Замандастарымен бірге ұжымдастыру кезеңін, аштық пен соғысты өткерген кейіпкер әлі де үйіне, анасына апарар жолды табуға тырысады.

Еске салсақ, таспаға Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров түсті. Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болды.

Айта кетсек, World Wide Motion Pictures Corporation компаниясының негізі 1977 жылы қаланды, мақсаты – жоғары сапалы фильмдерді және бейнежазбаларды, сондай-ақ көркем және деректі фильмдерді, қысқаметражды картиналар мен телевизиялық жобаларды кең көлемде тарату және сатып алу, өндіру, қаржыландыру. Бүгінде компанияның АҚШ-та және шетелде түрлі аймақтарды таныстыратын 200-ден астам мамандары мен филиалдары бар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист