È

«Тараз» фильмі Genre Celebration Film Festival байқауында қос жеңіске жетті

 «Тараз» фильмі Genre Celebration Film Festival байқауында қос жеңіске жетті

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың «Тараз» криминалдық драмасы Genre Celebration Film Festival Халықаралық фестивалінің екі бірдей номинациясы бойынша жеңіске жетті. Фильм «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары бойынша жеңімпаз деп танылды. Картинаның операторы Азамат Дулатов, бұл оның биылғы жылдағы екінші жүлдесі. Сондай-ақ Адамбай «Жылдың үздік режиссеры» номинациясы бойынша үздіктердің қатарында..

Бұған дейін Пусан халықаралық фестивалінің комиссиясы қазақстандық лента туралы аса жақсы пікір білдірмей, байқаудың негізгі бағдарламасына қоспаған еді.Алайда «Тараз» фильмінің авторлары картинаны Лос-Анджелестегі халықаралық кинофестивальға жіберді. Тегін емес екен: фестиваль кинолентаға алғашқы жүлделерін әкелді.

Қарашада режиссер марапаттау салтанатына барады.

Фильмде Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова, Асан Мажит, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева ойнады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер