È

Бұрынғыдан да қорқыныштырақ

Бұрынғыдан да қорқыныштырақ

Прокатта сөзсіз көш бастаған «Отряд самоубийц».Кеңейтілген кеңістік туралы Warner Bros компаниясының үшінші фильмі өткен демалыста 31 858 050 теңге жинады. Сыншылардың қатал сынына қарамастан картина 5-7 тамыз аралығында АҚШ пен Канадада 135 миллион доллар пайда түсірді. Егер фильм алдағы апталарда да осы қарқынды ұстап тұратын болса, кинопрокаттағы миллиардер атағына ие болуы мүмкін. Бірақ фильмнің табысы мұнымен бітпейді, авторлардың картинаның сиквелі түсірілетінін туралы айтты, оған Дэвид Эйер және Уилл Смит қатысады.

Алдыңғы фильмгеқарағанда он есе аз пайда түсірген «Охотники за привидениями» - 2 709 670 теңге. Warner Bros компаниясы суперкейіпкерлердің арқасында табыс таба алғандарымен, елес қуғандардың шығынын әрең толтырды. Франшизаның бюджеті 114 миллион доллар болған, картина АҚШ-та 116 миллион доллар касса жинады.

Кадр «Отряд самоубийц»

«Ледниковый период: Столкновение неизбежно» көшбасшылар бестігінен шығар емес. Анимация прокатта төртінші апта, соның өзінде миллиондар түсіруде - 2 370 670 теңге. Rotten Tomatoes сайтының рейтингісіне қарамастан Blue Sky Studios 12% пайда көрсе, әлем бойынша лента 305 272 472 доллар табыс әкелді.

«И гаснет свет» атты қорқынышты фильм Atomic Monster студиясының қоржынына 1 065 740 теңге салды. The Hollywood reporter деректеріне сүйенсек, фильм Дэвид Ф. Сандбергтің жақсы дебюті болды.

Үздік бестікті қорытындылаған миллионнан астам пайда әкелген «Стартрек: Бесконечность», табысы - 1 051 500 теңге.Жалпы франшиза прокаттың үш аптасында 35 593 790 теңге пайда әкелді. «Стартрек» фильмі атыс-шабыс және комедия түсіретін режиссер Джастин Лин үшін ғылыми фантастикалық жанрдағы дебюті болды.

«Свадебный угар» фильмінен кадр

Миллионға жетпей қалған картиналар «До встречи с тобой» - 526 680 теңге және «Судная ночь 3» - 520 460 теңге. Жарты миллионға жете алмағандар: «Полтора шпиона» - 395 300 теңге, «Мишки Буни: Тайна цирка» -
349 000 теңге, «Свадебный угар» - 282 600 теңге, «Невероятный Блинки Бил» - 239 900 теңге және «Неоновый демон» - 188 500 теңге.

Прокаттан шығып қалғандар Джеймс Уоткинстің «Крутые меры», фильм 31 200 теңге жинады. Джонни Депптің «Йоганутые» фильмі небәрі 25 400 теңге түсірді.

 

Тақырып бойынша:

Ұсталды және зиянсыздандырылды

Көрермендермен кездесуден кейін

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер