È

Елена Лисасина «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің өзіне ұнамағаны айтты

Елена Лисасина «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің өзіне ұнамағаны айтты

9 қазан күні Елена Лисасинаның «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі көрсетіле бастады. Картина продюсері Ерболат Байғанин болды. Басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин, Карина Жұмалиева сомдады.

Баспасөз конференциясы кезінде Елена Лисасина картинада барлық ойының жүзеге аспағанын айтты: «Монтаж уақытында бұл фильмнің маған ұнамағанын түсіндім. Негізі, маған өзім түсірген дүниелердің барлығы ұнамайды. Бірақ, көпшілігіне ұнады, сондықтан осылай қалдырдық. Ал кинода нені өзгерткім келеді дегенге келсек, бұл сұраққа жуап беру қиындау».

Режиссер ірі пландарды жақсы көретінін және адамдардың көзіне қарауды ұнататынын да айта кетті.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімі
«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімі

Сонымен қатар, Елена өзінің қаржы әлеміне түк қатысы жоқтығын да білдірді. «Мен тек қаржылық сауаттылықты арттырудың екі апталық курсынан ғана өткенмін», - деп қоса кетті ол.

Келесі жылы көрермендер Елена Лисасинаның басқа да картиналарын көретін болады. Оның айтуынша, бекітуді талап ететін бірнеше жобалар бар екен.

Еске сала кетсек, «Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі екі брокер дос жайлы баяндайды, олар ірі ақшамен қауіпті ойынға кіреді. Картинаның тұсаукесері өткен аптада өткен болатын.

 

Превью: Олег Спивак/ kursiv.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер