È

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі трейлерінің тұсаукесері

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмі трейлерінің тұсаукесері

 

Желіде «Қаржыгер. Шығу ойыны» картинасының ресми трейлерінің тұсаукесері өтті. Фильмнен көрермендер алғаш рет Асылхан Төлепов пен Шыңғыс Қапиннің актерлік дуэтін көретін болады.

Фильмдегі сюжет Руслан мен досы Таирдің айналасында өрбиді. Руслан биржада бағын сынайды, бастапқыда ол табысқа жетеді. Бірақ, жігіт мансаппен өрлей бастағанда, көптеген сынақтарға тап болады. Ол арманы үшін достықты, махаббатты, ті пті жеке өмірін қатерге тігеді.

Кинотаспа «Караван» компаниясымен түсірілген. Таспаның қоюшы-режиссері - Елена Лисасина. Жобаның бас продюсері әрі рөлдердің бірін сомдаушы – Ерболат Байғанин.

Сонымен қатар, драмаға Карина Жұмалиева, Алдабек Шалбаев, Бақытжан Әлпейісов және Сая Оразғалиева түсті.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» картинасы 2018 жылдың 4 қазанында айналымға шығады.

Еске салсақ, алдыңғы жолы авторлар фильмнің постері мен мини-тизерін ұсынған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер