È

«Қаржыгер. Шығу ойыны» драмасының постері ұсынылды

«Қаржыгер. Шығу ойыны» драмасының постері ұсынылды

«Қаржыгер. Шығу ойыны» отандық драмасының авторлары ресми постерді ұсынды. Афишада фильмнің басты кейіпкерлері - брокерлер Руслан мен Таир бейнеленген, оларды актерлар Асылхан Төлепов пен Шыңғыс Қапин сомдады. Кинотаспа айналымға 2018 жылдың 4 қазанында шығады.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильміндегі оқиға қазіргі күндерде өрбиді. Жас брокерлер Руслан мен Таир биржадағы алып-сатарлық кезінде адам өмірін түкке тұрғысыз көретін адамдармен қақтығысып қалады. Кейіпкерлер өз қағидалары мен күштерін сынап алады. Жігіттер жағдайға қарсы тұрып, ойыннан аман шыға ала ма?

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінен көрініс
«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінен көрініс

Асылхан Төлепов пен Шыңғыс Қапиннан өзге, көрермендер драмадан Карина Жұмалиеваны, Алдабек Шалбаевты, Бақытжан Әлпейісовті және Сая Оразғалиеваны көретін болады.

Фильм қойылымымен режиссер Елена Лисасина айналысты. Бұл жоба оның үлкен кинодағы дебюті. Сонымен қатар, картинамен қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев және қоюшы-оператор Александр Вертяков айналысты.

Фильм «Караван» кинокомпаниясымен өндірілді. Таспаның бас продюсері – Ерболат Байғанин.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы «Қаржыгер. Шығу ойыны» картинасының мини-тизері жарияланған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист