È

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің мини-тизері пайда болды

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің мини-тизері пайда болды

 

«Караван» кинокомпаниясы «Қаржыгер. Шығу ойыны» көркем фильмінің мини-тизерімен бөлісті. Авторлар картинаның шығу күнін де жариялады: брокерлер туралы драма 2018 жылдың 4 қазанында экранға шығады.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» таспасы - Елена Лисасинаның жас брокер Руслан жайлы баяндайтын режиссерлік дебюті. Бала күнгі досы Таирдың қолдауының арқасында жігіт мансап баспалдағымен жоғары өрлейді. Бірақ, ол биржада мықты серіктестердің ғана емес, дұшпандардың да болатынын білмеді. Русланның жолы болмады, себебі қарсыластары ықпалды адамдар болып шықты. Бір ғана бұрыс шешім арқылы брокер достығын, махаббаты мен жеке өмірін қауіпке тігуі мүмкін.

Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин және Карина Жұмалиева сомдады. Сондай-ақ, драмаға Алдабек Шалбаев, Бақытжан Әлпейісов, Сая Оразғалиева және Филипп Волошин түсті.

Картинамен сценарист Дмитрий Богомолов, қоюшы-оператор Александр Вертяков, қоюшы-суретші Бөпеш Жандаев айналысты. Сонымен қатар, түсірілімге көркемдік жетекші ретінде Сатыбалды Нарымбетов, редактор ретінде Нұрлан Санжар атсалысты.

Картинаның бас продюсері – Ерболат Байғанин, креативті продюсері - Анар Жүнісова.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» фильмінің түсірілімі Алматыда былтырғы жазда өткен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер