È

Эмир Байғазин «Өзенді» жапон көрермендеріне таныстырды

Эмир Байғазин «Өзенді» жапон көрермендеріне таныстырды

Жапонияның астанасында «Роппонги Хиллз» көпфункциялы зәулім ғимаратында Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінің азиялық тұсаукесері өтті. Картина Tokyo International Film Festival бас жүлдесіне үміткер.

«Өзен» өркениеттен алыс жерде тұратын ағайынды бесеудің тағдыры жайлы баяндайды. Бір күні оларға қаладан қонақ келіп, өмірелрін өзгертеді.

Фестиваль ұйымдастырушылары Байғазиннің жаңа жұмысының жоғары сезімталдықпен ерекшеленетін арт-киноның жаңа деңгейін ұсынатынын айта кетті.

Биылғы жылы Токио кинофестиваліне әлемнің 109 елінен 1829 жұмыс бақ сынап көрген. Бірақ, басты байқауда тек 16 картина таныстырылды, оның біреуі «Өзен» фильмі болып табылады.

Фильм көрсетілімінен кейін режиссер кинофестиваль дирекциясына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді және әрдайым Жапонияға келуді армандағанын айта кетті.

Токиодағы ХКФ 3 қараша күні аяқталады.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

 

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:17

Вот это правильный подход

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса