Ербол Семқұлов «Сүйе білсең» сериалындағы өзінің кейіпкері жайлы айтып берді
Жақында «Қазақстан» арнасында «Сүйе білсең» сериалы көрсетіле бастайды. Көпсериалы фильмнің өндірісімен 567 cinema кинокомпаниясы айналысты. Режиссерлері Асқар Ұзабаев және Ернар Нұргалиев.
«Сүйе білсең» сериалында бірнеше негізгі кейіпкер бар. Олардың әрқайсысы арманына жеткісі келеді, алға қойған мақстаттарына ұмтылады. Олардың басын біріктіретін бір нәрсе бар, ол – спортқа деген махаббат. Авторлардың айтуынша, сериал комедия, драма және мелодрама жанрыларында түсірілген.
Актерлық құрамға Гүлназ Жоланова, Жандос Айбасов, Рүстем Жаныаманов, Қуаныш Керімқұлов, Кәмшат Жолдыбаева, Ғазиза Тлеубай, Жұлдыз Ануарова және Роза Мұқатаева. Ірі кастингтің нәтижесі бойынша «Сүйе білсең» сериалындағы басты рөлдердің бірі жас актер Ербол Семқұловқа бұйырды.

Актерлер Бақытжан Әлпеисов және Жандос Айбасов
«Менің кейіпкерім- футбол командасының қатысушысы. Ол өз ісінің шебері болып, Жоғары лигаға түсуді армандайды. Бірақ оны қиындықтар күтіп тұр. ол осы кедергілерден өтуі тиіс. Кейіпкерімнің мінезі ашық, қайырымды, бірақ көп адамдар үшін тұйық. Әрине ол өзінің сүйіктісін кездестірген кезде мінезі өзгереді», - дейді Ербол Семқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, Ербол Семқұлов бұрын «Запрещенные танцы», «04:29» және «Аяулы арман» сериалдарына түскен.
«Сүйе білсең» сериалы экранға 2016 жылдың соңында шығады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін