È

Ерке Есмахан «Махаббат» кафесі» дебютті фильмін таныстырды

Ерке Есмахан «Махаббат» кафесі» дебютті фильмін таныстырды

Алматыда режиссер Асқар Ұзабаевтың «Махаббат» кафесі» романтикалық комедиясының тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картинаның бас продюсері әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы - әнші Ерке Есмахан.

Бас аспаздың көмекшісі болып жүрген Шыңғыс жағымсыз жағдайға тап болып, қашып жүреді. Ол «Махаббат» дәмханасына жұмысқа орналасады, сол жақта мекеме иелері – әкесі мен қызы жігітті жылы қарсы алады. Жақсы жандардың жанында жүріп, Шыңғыс өзінің де өзгере бастағанын байқайды, бірақ қылмыстық өткені оған маза бермейді.

«Махаббат» кафесі» фильмінен көрініс
«Махаббат» кафесі» фильмінен көрініс

Ерке Есмаханға картинада Шәріп Серік жұп болды: «Ерке зұлымдығы жоқ өте жақсы жан. Онымен бірге киноға түсу ыңғайды болды», - деді әншімен жұмысы жайында актер.

Романтикалық комедияны авторлар 18 күннің ішінде түсірген. Түсірілім тобы негізгі локация ретінде жол бойындағы дәмхананы іздеген, оның қарама-қарсы жағында басқа мекеме орналасуы тиіс болды. Ұзақ ізденістен соң, қажетті ғимаратты Жамбыл облысы, Шу қаласынан тапқан.

Актрисаның айтуынша, фильмдегі кейіпкері өзіне қатты ұқсайды. Еркенің образы ауылдың қарапайым қызы болғандықтан, бұл рөл оған өте жеңіл болды, себебі өзі де ауылда туып-өскен.

«Махаббат» кафесі» фильмінен көрініс
«Махаббат» кафесі» фильмінен көрініс

«Біз комедиядан гөрі, романтиканы көбірек көрсетуге тырыстық. Мен ауыл тақырыбына «Абайлаңыз, сиыр!» картинасынан кейін оралған жоқпын, бұл жолы ауылдағы адамдардың барлық жақсы қырын көрсетуге тырыстым», - деп қоса кетті Асқар Ұзабаев.

Сонымен қатар, «Махаббат» кафесі» таспасына Әбунасыр Серіков пен Дариға Бадықова түсті.

Фильм ауқымды экраннан 25-қазаннан бастап көрсетіледі. Кестені кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист