Ерке Есмахан «Махаббат» дәмханасы» фильмінің түсірілімін аяқтады

Отандық әнші Ерке Есмахан актрисалық пен кинопродюсерлікке бет бұрды: ол бірнеше күн «Махаббат» дәмханасы» фильмінің түсірілімін аяқтады. Әншінің дебюттік картинасына Әбунасыр Серіков, Дариға Бадықова және Шәріп Серік түсті.
«Бір ай бойы Шу қаласының маңында, кейін Алматыда өткен кинотүсірілім өте қызықты өтті. Командамыз мықты. Кәсіби жағы былай тұрсын, барлық әріптестерім жеке-жеке тамаша жандар! Әрқайсысына бауырымдай бауыр басып, жақын достасып алдым. Түсірілім бітті! Алда монтаж жұмыстары, сосын көрсетілім!» (Орфография және пунктуация сақталған. – Ред.алқ.),- деп хабарлады Instagram желісінде Ерке Есмахан.

«Махаббат» дәмханасы» ауылдық дәмхана иесінің қызы Мақпал жайлы әңгімелейді. Бір күні дәмханаға аспаз болып орналасуға бір жігіт келеді. Мақпал алғашқыда бейтаныс жігітке назар аудара қоймайды, бірақ кейінірек кейіпкерлердің бір-біріне деген сезімдері оянады.
Кинотаспаның қоюшы-режиссері ретінде бұған дейін «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» және «Ninety One» фильмдерін түсірген Асқар Ұзабаев жұмыс істеді.
.jpg)







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
16 мамыр 2018, 23:01И снова эта дилемма. Который нас накрывает очередной волной страха. Любовь и привязанность. О да в нашем стиле, это хорошо пошло. И к тому же все в казахбайском стиле. И если это вся правда, то фильм удался. Но как примет его отечество новым взглядом. Судить вам, по мне фильм, о теплом. Но Есть, что-то что меня он не заинтересует.