È

Ернар Нұрғалиев «Аға ма, әлде неке ме?» дебютті толық метрін түсіріп жатыр

Ернар Нұрғалиев «Аға ма, әлде неке ме?» дебютті толық метрін түсіріп жатыр

Бұрындары тек қана хикаялар түсірген режиссер Ернар Нұрғалиев қазір «Аға ма, әлде неке ме?» атты алғашқы толықметражды фильмімен жұмыс істеп жатыр. Картина жалғыз қарындастарына қатал қарайтын бес ағайындылар туралы. Қоюшы-режиссер фильмді комедия жанрында түсіруде, ол бұл жанрмен алғаш рет жұмыс істеп отыр.

«Менің алдыңғы жобаларымның барлығы мелодрама жанрында түсірілген. Дебютті толық метрімді де осы бағытта түсірем деп ойлағанмын. Алайда, идея авторы Алишер Утев маған хабарласып, «Аға ма, әлде неке ме?» жобасын ұсынды. Жобаның қандай жанрда түсірілетінін сұрағанымда ол комедия деді. Мен көп уақыт күдіктеніп, ойлануға уақыт беруін өтіндім. Сонымен, маған синопсис жіберілді, оқып шығып едім, ұнады. Фильм идеясы маған жақын. Өйткені, өзімнің де қарындасым бар. келісім бергенім де осы себепті еді. Екіншіден, комедия жанрымен де жұмыс істеп көргім келді»,-деді режиссер.

«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінде басты кейіпкер Гаухардың рөлін Құралай Анарбекова, оның жігітін Дәурен Серғазы, ал ағаларын Әбунасыр Серіков, Бауыржан Қаптағай, Олжас Абай, Мұрат Бисембин және Нұрлан Сабыров сомдайды.

«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің түсірілімінен сурет

«Актерлар таңдауға да мен белсене атсалыстым. Алғашында-ақ, Құралай мен Нұрлан Сабыровтың қатысуы міндетті болды. Басқа рөлдерді ойнайтын актерларды кастинг арқылы іріктедік. Жалпы, актерлік құрам мықты әрі кәсіби болып шықты. Шынымды айтсам, осындай топпен жұмыс істеу бір ғанибет»,-деп қосты Ернар Нұрғалиев.

Кинематографшының айтуынша, сценарийге аздап өзгерістер енгізілген. Режиссер авторлармен ақылдасып, картинаға мелодрама мен драма элементтерін қосқан.

Ернардың тобында екінші режиссер Зарина Садырова, қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев және дыбыс режиссері Виталий Ткаченко бар.

 

Превью: Нұрсұлтан Сегізбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер