È

Ернар Нұрғалиев «Келінжан» хикаясын түсіріп жатыр

Ернар Нұрғалиев «Келінжан» хикаясын түсіріп жатыр

Режиссер Ернар Нұрғалиев «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша 25 бөлімді «Келінжан» фильмін түсіріп жатыр. Жобаның бас продюсері – Гүлнұр Мамасарипова.

Сюжетте қаладан келген жас келін, ол ауылдағы жаңа өмірге үйренуі тиіс. Ол көне дәстүрлерді үйреніп қана қоймай, бейтаныс адамдармен тіл табысуға тырысады.

««Келін» тақырыбы көпшілігі үшін жауыр болып көрінетін шығар. Бірақ, «Келінжан» - ситком емес, өз драматургиясы бар толыққанды хикая. Неліктен енелер келіндерін үйде ұстап, ешқайда жібермейді? Неліктен немерелерін өскенше бағуға тырысады? Неге келіндері тәуелсіздікке ұмтылады? Міне, біз осындай тақырыптарды қозғауға тырысамыз», - деді Гүлнұр Мамасарипова

Жас келіннің рөлі әнші Сара Амангелдиеваға бұйырды.

«Мен сендім... тіпті жылап жібердім, бұл қиын емес екен. Шынымды айтсам, қатты қобалжу үстіндемін... ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Барлығы жақсы өтіп жатқан сияқты. Келін болу кадрда да оңай емес екен. Мен өз енемнен қорқамын, ал абысындар... ол бөлек тақырып, олардың жақсы екенін әзірге түсінбеймін», - деп жазды әртіс Инстаграм парақшасына.

Көпбөлімді картинаға Дариға Бадықова («Қазақша кәсіп»), Лейло Бекназар-Ханинга, Нұргүл Мыңдатова, Өсербай Дәулет, Рүстем Жаныаманов («Класстастар») түсуде.

Еске салсақ, «Хабар» телеарнасынан келесі аптадан бастап «Қарлығаш ұя салғанда» хикаясы көрсетіле бастайды, оның да продюсері Гүлнұр Мамасарипова болып табылады.

 

Превью: Сара Амангелдиеваның жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса