È

«Еуразия-2018»: Эмир Кустурица Астананың сұлулығына таңдай қақты

«Еуразия-2018»: Эмир Кустурица Астананың сұлулығына таңдай қақты

Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі жалғасуда. Фестивальдің екінші күнінде Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен астаналық баспасөздің сербиялық режиссер, сценарист әрі композитор Эмир Кустурицамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Эмир Кустурица картиналарының кейбір құпияларымен, түсірілім барысындағы дәстүрлі емес әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, қоюшы қазіргі көрерменнің талапшыл екендігін байқады. Сапалы фильм түсіру үшін заманауи технологиялардан бөлек, жақсы талғам мен батылдық қажет.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Қысқаша шеберлік сағатынан кейін Эмир Кустурица журналистермен кездесті. Конференция барысында шетелдік кинематографшы Астананың сұлулығын сипаттады.

«Әуежайдан жеткенше, Астананың сұлулығына тамсанып үлгердім. Екі күннің ішінде біраз жерді көрдім. Маған сіздердің ғимараттарыңыз, талғамдарыңыз бен инфрақұрылым ұнады. Менің ойымша, сіздерде тамаша адамдарға толы ерекше қала бар. Президенттеріңіз 20 жылдың ішінде үлкен әрі әдемі шаһар салып үлгерді», - деді қонағымыз.

Еске салсақ, Эмир Кустурица Қазақстанға алғаш рет келіп, бірінші концертін өткізді. Құрамында режиссер бар The No Smoking Orchestra тобы да Астанадағы «Еуразия-2018» ХКФ ашылу салтанатына қатысты.

 

 

Превью: eurasiafestival.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист