È

«Еуразия-2018»: Eurasia Project Market питчингінің жеңімпаздары

«Еуразия-2018»: Eurasia Project Market питчингінің жеңімпаздары

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде Eurasia Project Market питчингінің жеңімпаздары анықталды. Сценарийлер өңдеу барысындағы жобалар байқауы Eurasia Film Market кинонарығының аясында өтті.

New York Film Academy-дағы екі айлық тәжірибеден өту түріндегі бас жүлдені Әмір Әменовтің «Ыстық күн, салқын сыра» (Қазақстан) және Дальмира Тілепбергеннің «Жалғыз қарағай» (Қырғызстан) жобалары жеңіп алды. Екінші жүлде - «Еуразия» ХКФ делегацияларымен бірге «А» санатындағы кинофестивальдерге саяхатты Асқат Кучинчирековтің «Шекара» жобасы (Қазақстан) иеленді. Артур Веэбердің (Қырғызстан/Ресей) «Альчиктері» ерекше назарға ілікті.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Байқауға қатысушыларды кино саласындағы халықаралық мамандар бағалады: Нью-Йорк кино академиясының вице-президенті Джим Миллер, кинотанушы Нина Ромодановская, Азиаттық кинематографты дамыту қоғамдастығы (NETPAC) сарапшы кеңесінің мүшесі Филип Че, дерекші-режиссер Сергей Гранкин, тәуелсіз кино нарығындағы халықаралық дистрибуцияның кәсіби маманы Майкл Кэнэнэк, отандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов және Еуропа киноакадемиясының мүшесі Евгений Гиндилис.

Айта кету керек, биылғы жылы келіп түскен 32 жобаның ішінен финалға 10 үздігі өтті. Өтініштер бүкіл Орта Азиядан қабылданған.

Превью: eurasiafestival.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса