Фантастикалық бестік
Chaplin Cinemas деректері бойынша, бірінші орында көпшілік күткеніндей «Варкрафт» фильмі. Пост-продакшн кезеңінің өзінде картины түсірушілер 20 ай уақыт жұмсаған. Лентаның продюсері Томас Туллдың айтуынша, қоюшы-режиссер Дункан Джонс өзінің командасымен бірге кино әлемінде озық жаңалық болған керемет спецэффектілер жасаған.
Екінші орында режиссер Джеймс Бобиннің «Алиса в Зазеркалье» фильмі. Хелены Бонэм Картер («Бойцовский клуб») мен Алан Рикман («Песня ланча»), үшін бұл екеуі бірге ойнаған жетінші фильм.
«Angry birds в кино» мультфильмі бірден екі сатыға төмендеді. Кемеге енген басқыншы-шошқалар Чак, Бомб және Ред «Пятьдесят оттенков серого» эротикалық романының пародиясы іспеттес кітапты тауып алады.
«Люди Икс: Апокалипсис» фильмі де екі сатыға төмендеп, төртінші орынға табан тіреді. Жас Джин Грейдің рөліне Эль Фаннинг («Малефисента»), Хлои Грейс Морец («5-я волна»), Сирши Ронан («Искупление»), Хейли Стайнфелд («Железная хватка»), Лили Коллинз («С любовью, Рози»), Марго Робби («Фокус»), Дэйзи Ридли («Звёздные войны: Пробуждение силы») бағын сынап көрген еді. Нәтижесінде рөл Софи Тернерге («Особо опасна») бұйырды.
ТОП-5 көшбасышылар тізімін л Marvel – «Первый мститель: Противостояние» қорытындылады. Актер Джереми Реннер атап өткеніндей, бұл фильмді тағы бір «Мститель» фильмі деп атауға болады, өйткені фантастикалық атыс-шабыс фильмінде команданың барлық мүшесі атсалысқан. бестіктен «Моя чужая» және «Неслабый пол» фильмдері шығып қалды.
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін