È

«Әміре» фильмі Woodstock Film Festival-де таныстырылды

«Әміре» фильмі Woodstock Film Festival-де таныстырылды

Джефф Веспа режиссерлік еткен «Әміре» отандық фильмі жыл сайын АҚШ-та Вудсток қаласында өтетін Woodstock Film Festival-дің байқау бағдарламасына енді. Картина кинофестивальде «Paris song» («Париж әні») ретінде ұсынылды.

Басты рөлді сомдаушы Санжар Мәди және режиссер Джефф Веспа қазір Вудстокта жүр.

«Кеше ұшып келдім. Бүгін бэйдж бен шақыру алдым. Атмосфера кино болып тұр. Қала ақырындап продюсерлермен, режиссерлармен және әртістермен толығып келеді», - деп жазды актер өзінің Инстаграм парақшасына.

Кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері 14 қазан күні жарияланады.

«Әміре» фильмі әйгілі қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың өміріндегі маңызды оқиғаларды, оның «ЭКСПО-1925» көрмесіне барған саяхатын баяндайды. ерекше дарынының арқасында ол әлемдегі миллиондаған тыңдармандардың жүректерін жаулап алды.

Woodstock – белгілі америкалық кинофестиваль, мақсаты - қонақтарына жас режиссерлар мен өз ісінің мамандарының үздік жұмыстарына көрсету және дарынды кинематографшылардың мансаптық өрлеуіне септігін тигізу.

Еске салсақ, «Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий қазанның басында Грузия фестивалінде арнайы жүлдеге ие болған еді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер