È

«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий Грузиядағы фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий Грузиядағы фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

«Әміре» отандық фильмінің операторы Максим Осадчий Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде араны жүлдемен марапатталды. Жүлдені операторға Panasonic компаниясы ұсынды. Сонымен қатар, «Әміре» картинасы фестиваль дипломына ие болды.

Кинотаспаның қоюшысы АҚШ маманы Джефф Веспа болды. Әміре Қашаубаевтің рөлін Қазақстандық актер Санжар Мәди, Мұстафа Шоқайды Еркебұлан Дайыров сомдады. Фильм сценаристі Бенжамин А. ванн дер Вин болды. Сондай-ақ, жобаға «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» және «Түнек облысы» жобалары арқылы таныс голливуд жұлдызы Эбби Корниш және Ұлыбритания актері Бен Алдридж қатысты.

Golden Eye – 2009 жылдан бері Грузияда өткізіліп келе жатқан фестиваль. Мұнда кино мен телеоператорлардың үздік жұмыстары іріктелініп алынады. Биыл шара қыркүйектің соңында Тбилисиде өтті.

Еске салсақ, «Әміре» қазақ музыканты Әміре Қашаубаевтің Парижде өткен «ЭКСПО-1925» көрмесіне барған саяхаты жайлы баяндайды. Қыркүйектің басында фильм трейлері Венецияда «Өзіңіз үшін Қазақстанды ашыңыз: аудиовизуалды дамудың жаңа шекаралары» бағдарламасы аясында ұсынылды.

 

Данил Жигалин

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер