Қазақстандық кинематографшылар Венецияға барады

2018 жылы 2 қыркүйекте Италияның Венеция қаласында қазақстандық жаңа фильмдер көрсетіледі. Картиналар Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің дирекциясы Итальяндық ұлттық ANICA кино және мультимедиялық өнімдерді өндіру қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырған «Өзіңіз үшін Қазақстанды ашыңыз: аудиовизуалды дамудың жаңа шекаралары» шарасының аясында ұсынылады.
_lt93.jpg)
Шетелдік көрерменге келесі қазақстандық фильмдердің трейлерлері көрсетіледі: Эмир Байғазин – «Өзен», Қуат Ахметов – «Әруақ», Джефф Веспа – «Әміре», Болат Қалымбетов - «Талан», Ақан Сатаев – «Она» және «Анаға апарар жол», Рүстем Әбдірашов – «Алмас қылыш», Сәбит Құрманбеков - «Оралман», Талғат Теменов – «Біздің қаланың ханзадасы», Жаңабек Жетіруов - «Шыңырау» және Ермек Тұрсынов - «Жат». Көркем таспалардан бөлек, анимациялық картиналардың трейлерлері де ұсынылады: Адай Әбелдинов - «Күлтегін», Арман Бейсембаев - «Jumper» және Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы - «Мұзбалақ».
.jpg)
Венецияда фильмдерді қазақстандық кинематографшылар таныстырады: режиссерлар Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов, актер Санжар Мәди және жас қоюшы, Еуразия жобалар нарығы-2018 жүлдегері Асқат Кучинчиреков.
Еске сала кетсек, Венецияда мерейтойлы 75-ші Халықаралық кинофестиваль басталды, шараға Эльдар Шибановтың «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» қысқаметражды фильмі және Эмир Байғазиннің «Өзен» толықметражды таспасы қатысуда.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін