Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмі 2017 жылдың қарашасында жарыққа шығады
Режиссер әрі продюсер Асқар Бисембин «Кинодан да артық» жаңа фильмінің шығу күнін мәлімдеді. Фильм барлық кинотеатрлардан 23 қараша күні көрсетілмек.
«Кинодан да артық» кинотаспасы комедиялық жанрда түсірілген. Картинадағы оқиға киноөндіріс аясында өрбиді, оның негізгі кейіпкерлері – фильм шығарылымына қатысы бар адамдар. Басты рөлдерді Данияр Алшынов пен Аружан Жазылбекова сомдады. Режиссердің айтуы бойынша, фильм еліміздің барлық кино қайраткерлеріне арналған.
«Кинодан да артық» фильмінің түсірілімі 16 шілде күні Алматыда басталды. Түсірілім уақыты тамыз айының басында аяқталған. Қоюшы-операторы - Виктор Бормотов («Тағы бір күн»), қоюшы-суретшісі - Рүстем Мұсаев.
Суреттер Асқар Бисембиннің жеке Instagram парақшасынан алынды
Көрермендер фильмнен Әбунасыр Серіков, Еркін Губашев, Әсел Сәдуақасова, Жәния Джуринская, Дәурен Айдарқұлов, Қарлығаш Мұхамеджанова және Мәдина Оспан сынды белгілі актерларды көре алады. Сонымен қатар, эпизодқа Ақан Сатаев пен Асқар Бисембиннің өзі түсті.
«Кинодан да артық» комедиясының ресми трейлері мен постері жақын арада жарыққа шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін