Чебоксары кинофестивалінің әділқазы мүшелері «Қаратас ауылындағы оба» фильмін атап өтті
Отандық «Қаратас ауылындағы оба» фильмі Чуваш Республикасы Халықаралық Чебоксары кинофестивалінде ерекше аталып өтті. Кинотаспа «Ерекше, жарқын көркем шешім» үшін әділқазы мүшелерінің арнайы дипломымен марапатталды.
«Қаратас ауылындағы оба» кинотаспасы – отандық режиссер Әділхан Ержановтың жұмысы. Фильмде Қаратас ауылының жас әкімі туралы баяндалады. Жас жігіт жаңа жұмыс орнына келіп, ауыл халқы үшін бар жағдайды жасағысы келеді. Бірақ, жергілікті басшылардың, тұрғындардың ешқайсысы бұрыннан қалыптасып қалған тәртіпті өзгерткісі келмейді. Кейіпкерге басшылардың және ауыл халқының қарсылықтарына қарсы күресуге тура келеді.
_kulv.jpg)
«Қаратас ауылындағы оба» фильмінен көрініс
Фильм Қазақстанды ойнамалы кино байқау бағдарламасында таныстырды. Ол бағдарламаға сондай-ақ, Қырғызстаннан, Ресейден және Якутиядан 10 жұмыс кірген. Фестивальдің «Гран-при» жүлдесін қырғыз режиссерларының «Әке өсиеті» («Завещание отца») картинасы жеңіп алды.
Айта кету керек, «Қаратас ауылындағы оба» кинотаспасы – «Сыншылар таңдауы – 2017» жүлдесінің «Үздік драмалық фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік қоюшы-суретші» аталымдары бойынша үш мәрте лауреат болған. Сонымен қатар, картина Роттердам ХКФ-де «Үздік азиаттық фильм» жүлдесін және 25-ші «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін