È

«Ана үйі» фильмі Sose International Film Festival-ге қатысады

«Ана үйі» фильмі Sose International Film Festival-ге қатысады. Қазақстан киносы

Отандық режиссер Ольга Коротьконың «Ана үйі» атты жұмысы Sose International Film Festival-дің негізгі бағдарламасына енді. Халықаралық кинокөрсетілім 2017 жылдың 14 тамызынан 14 қазанға дейін Армения астанасы Ереванда өтетін болады.

Ольга Коротьконың «Ана үйі» деректі фильмі аналар мен жаңа туылған сәбилерге көмек көрсететін дағдарыс орталығының жағдайын баяндайды. Картинаның басты кейіпкерлері – қиындыққа тап болған, рухани және қаржылай көмекке зәру жас аналар. Таспа түсірілімі былтыр Алматы мен Оралда өткен.

Sose International Film Festival алғаш рет 2014 жылы болған. Фестиваль өз атауын армян ұлт-азаттық қозғалысының мүшесі Сосе Варданянның құрметіне орай иеленді. Байқаудың мақсаты – әйелдердің қоғамдағы орнын және олардың жетістіктері мен түрлі мәселелерін киноэкран арқылы көрсету.

Биылғы жылы Қазақстан таспасына әлемнің 39 елінен келген 132 жұмыс бәсекелес болмақ. Фильмдер «Мазмұны – әйелдер» және «Студенттік» байқау бағдарламаларында көрсетіледі.

Сонымен қатар, «Ана үйі» кинотаспасы ОАР, Йоханнесбургте өтетін «Mzansi Women's Film Festival» кинофестиваліне қатысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса