«Анаға апарар жол» фильмі «Оскар» жүлдесінің шорт-парақшасына енбеді
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі «Оскар-2018» үміткерлерінің шорт-парақшасына енбеді. Қыркүйек айында картина «Шет тіліндегі үздік фильм» атауы бойынша әйгілі киножүлдеге Қазақстанның атынан ұсынылған болатын.
Шорт-парақшаға 9 кинокартина енген, оның ішінде ресейлік драма, яғни Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмі бар. Сонымен қатар, тізімнен келесі туындыларды көруге болады: «Ғажайып әйел» (Себастьян Лелио, Чили), «Шек» (Фатих Акин, Германия), «Тән мен жан туралы» (Ильдико Эньеди, Венгрия), «Фокстрот» (Самуэль Маоз, Израиль), «Қорлық» (Зиад Дуэри, Ливан), «Фелисите» (Ален Гомис, Сенегал), «Рана» (Джон Тренгов, ОАР) және «Төртбұрыш» (Рубен Эстлунд, Швеция).
«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс
Еске салсақ, «Анаға апарар жол» бала күнінде анасынан айырылып қалған азамат туралы баяндайды. Кейіпкер ұзақ жылдар бойы үйіне барар жолды іздеп жүріп, қайта-қайта тағдыр соққысына тап болады. Картина Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен түсірілген.
«Оскар» жүлдесінің 90-шы шарасы 2018 жылдың 4 наурызында болады. Іс-шараны Джимми Киммел жүргізеді.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Асылхан Шакенов
20 желтоқсан 2017, 00:16Все еще впереди! Главное есть потенциал!
Мырзахмет
21 желтоқсан 2017, 22:54Фильм, для нас остается лучшим. Наша дорога к матери - это фильм.