«Анаға апарар жол» фильмі «Оскарға» ұсынылды
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі «Оскар - 2018» жүлдесіне ұсынылды. Кинотаспа Қазақстан Ұлттық кинематографиялық өнері және Ғылым академиясы мүшелерінің құпия түрде дауыс беру нәтижесінде таңдалды.
«Анаға апарар жол» драмасы ерте жастан анасы мен туған жерінен айырылған азамат туралы баяндайды. 30-40 жылдардағы қиын кезеңдерді басынан өткерген кейіпкер үйге оралуды армандайды. Дегенмен, үйге қайтар жол ұзақ әрі қиындыққа толы еді.
Картинадағы басты рөлдерді Әділ Ахмет, Алтынай Нөгербек және Аружан Жазылбекова сомдады. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен түсірілді.
Сатыбалды Нарымбетов жеңімпаз Ақан Сатаевқа сертификат ұсынуда. Сурет: Андрей Лунин
«Анаға апарар жол» фильмі халықаралық деңгейде үздік ретінде танылып үлгерген. Кинотаспаның қоржынында «Еуразия көпірі» ХКФ «Гран-при», «Сыншылар таңдауы-2017» жүлдесі, «Орта Азияның үздік фильмі» үшін «Ақ ілбіріс» киножүлдесі және «Тұлпар - 2016» жүлдесі бар.
Еске сала кетсек, былтырғы жылы Қазақстанның атынан Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі «Оскарға» ұсынылған болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін