È

«Шатырдағы бұлт» фэнтези-фильмі айналымға шығады

«Шатырдағы бұлт» фэнтези-фильмі айналымға шығады

26 сәуірде жалпы ұлттық айналымға «Шатырдағы бұлт» фильмі шығады. Фэнтези картинаны A`Star Film компаниясы мен Bayterek production аясында, «Қазақфильмнің» қатысуымен Әли Шер Сүлеймен түсірді.

«Шатырдағы бұлт» фильмі – жақсылық пен зұлымдықтың қарсылығы жайлы баяндайтын алғашқы қазақстандық қалалық фэнтези. Періште мен шайтан Тимурды кездестіргенше қалада қаңғырумен болады. Жас жігіт өзінің туған күнін тойлауға клубқа қарай асығады. Періште мен шайтан соңғы таңдауды Тимурға қалдыруға мәміле жасайды.

Бас кейіпкердің бейнесінде көрермендер режиссер Диас Әзімжанды көре алады. Таспадағы басқа да кейіпкерлерді Вахид Изимов, Камилла Нұғыманова, Қазына Әбдірахман, Мадина және Медина Тәліпбек, Үсенжан және Асанжан Сұлтановтар сомдайды. Олардың көпшілігіне «Шатырдағы бұлт» үлкен кинодағы дебюттік фильм болды.

Картинаның бас продюсері - Ариэль Әсенова, ал қосалқы продюсері - Әсел Сәрсенбекова.

«Шатырдағы бұлт» фильмінің трейлерін осы жерден көре аласыздар.

 

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

MilanaTu

4 мамыр 2018, 16:17

Фильм хороший, но фото не оттуда

Асема

5 мамыр 2018, 16:27

Не ожидали от наших такого фильма. Класс!

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист