È

Айгүл Ақсамбиеваның «Саз махаббат» фильмі Венада көрсетіледі

Айгүл Ақсамбиеваның «Саз махаббат» фильмі Венада көрсетіледі

Айгүл Ақсамбиеваның «Саз махаббат» қысқаметражды фильмі Венада көрсетілетін болды. Таспа 2018 жылдың 13-22 сәуірінде өтетін VI Халықаралық LET'S CEE Film Festival фестивалінің қатысушысы атанды.

«Саз махаббат» картинасы көрермендерге қайта құру дәуіріндегі Алматыны көрсетеді. Сюжетте мүсінші және оның әйелі жайлы баяндалады. Экономикалық дағдарыс пен шығармашылық тоқырау олардың қарым-қатынастарына әсер етпей қоймады. Кейіпкерлер одан әрі бірге не бөлек жүретіндерін шешуі тиіс. Ерлі-зайыптының рөлін Әзиз Бейшенәлиев пен Динара Қайырова сомдады.

Фестиваль аясында қазақстандық таспадан бөлек, 155 көркем фильм, 200 деректі және қысқаметражды картиналар көрсетіледі. Барлық жұмыстар Венадағы бес кинотеатрда көрсетіледі.

LET'S CEE Film Festival 2012 жылдан бері өтіп келеді. Кинокөрсетілімнің негізгі мақсаты - Орта және Шығыс Еуропа, Түркия, сондай-ақ, Кавказ аймағындағы үздік картиналарды ауқымды аудиторияға ұсыну.

Естеріңізге сала кетейік,«Саз махаббат» фильмін шетелдік аудиторияға алғаш рет ұсынып отырған жоқ. Драма Ресейдегі «Әкелер мен балалар» («Үздік шетелдік қысқаметражды фильм» жүлдесі) және «Волоколам шекарасы» кинофестивальдерінде көрсетілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер