Әміре Қашаубаев жайлы фильм сәуірде шығады

5 сәуір күні қазақ теноры Әміре Қашаубаевқа арналған «Әміре» фильмі отандық айналымға шығады. Картинаны «Қазақфильм» киностудиясы DARplay компаниясымен бірге түсірген. Авторлар тұсаукесердің алдында ресми трейлерді ұсынды.
«Әміре» - өмірбаяндық кинотаспа, басты кейіпкер - әнші әрі композитор Әміре Қашаубаев. Ол КСРО делегациясының құрамына кіріп, Парижде музыкалық байқауда өнер көрсеткен. Әміре еуропалық тыңдармандарға қазақ музыка өнерін алғаш ұсынған адам болды.
_61mk.png)
Таспада қазақ тенорын Санжар Мәди сомдады. Фильмдегі басқа кейіпкерлерді Еркебұлан Дайыров, британдық актер Бен Алдридж және американдық актриса Эбби Корниш ойнайды.
Жобаның режиссері – Джефф Веспа. Қоюшы «Бродвейге» берген сұхбатында «Әміреде» қазақ композиторларының әндері шырқалатынын жеткізді.
Картина түсірілімі Алматы облысында және Латвияның Рига қаласында өткен.
.jpg)







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
4 наурыз 2018, 02:11Круто! Молодцы! Обязательно надо посмотреть!
Мырзахмет
5 наурыз 2018, 01:22трейлер понравился, в целом очень ярко и насыщенно. немного навевает воспоминания о старых добрых временах. скажем я снова начал жить. с удовольствием посмотрю и скажу все впечатления.