È

«Районы» фильмі миллиондар жинауын жалғастыруда

«Районы» фильмі миллиондар жинауын жалғастыруда

Кассалық табыс бойынша бәрін басып озған «Шпионы по соседству» америкалық фильм. Тұсаукесерлік аптада кинокомедия 13 716 120 теңге пайда әкелді. Фильмнің сценарийін жазған Майкл ЛеСьер. Сценаристің айтуынша, оны шабыттандырған қала шетіндегі ауданда тұратын өмірі достарының өмірі. Режиссерлықты қолға алған Грег Моттола, оның соңғы жұмысы «Пол: Секретный материальчик» 2011 жылы шыққан.

Екінші орында «Тролли» анимациясы 8 899 290 теңге пайда тапты. Мультфильм DreamWorks Animation студиясының бесінші жобасы, сценарийді жазған дуэт Джонатан Айбел және Гленн Бергер. олардың бқрынғы жұмыстары – Кунг-фу Панда туралы үш фильм және «Монстры против пришельцев» (2009).

Көшбасшылар үтігінен «Районы» драмасы да кетер емес. AstanaFilmFund алғашқы жобасы 7 766 140 теңге түсіріпті. Картины түсірушілердің айтуынша, криминалды оқиғаның жалғасы да түсірілмек.Соңғы апталарда Ақан Сатаевтың фильмі 53 014 710 теңге табыс тауыпты.

«Тролли» мультфильмінен кадр

«Доктор Стрэндж» де қарқынын азайтар емес. Супербатырлар аңызы 7 140 050 теңге жинапты. Фильмнің продюсері Файгидің айтуынша, Marvel кинематографиялық кеңістігіндегі сиқыр «Матрица» (1999), сондай-ақ киноработ Стенли Кубрик пен Хаяо Миядзакидің әсерімен жасалған. Көркемдік бөлімнің мамандарының арқасында фильмнің ерекше әлемі құрылды. Бөлімнің 49 қызметкері фильмге 800 сурет, 3000 суреттің нобайын, 40 макет жасады.

«Прибытие» ғылыми фантастикасы алғашқы аптада 3 885 705 теңге тапты. Картина режиссеры Дени Вильнёв осы жобаға ұзақ жылдар бойы келгенін айтты. Ол алғаш рет Чанның «История твоей жизни» шығармасын оқығанда бұл өзінің фильмі екенін түсінген. «Пленницы», «Враг» және «Убийца» картиналарын түсіруді аяқтағаннан кейін Вильнёв «Прибытие» фильміне кірісті.

Хоррор «Уиджи. Проклятие доски дьявола» көрермендерден 3 253 650 теңге жинады. Бұл кинолента - Стайлз Уйаттың «Уиджи. Доска дьявола» қорқынышты фильмінің приквелі. Алғашқы бөліміне жағымсыз пікірлер айтылған соң режиссер Майк Флэнеган («Окулус») осы оқиғаның өзінше басқа нұсқасын жасауды ұйңарды. Фильмнің сюжеті сол алғашқы бөлімдегі үйде болады, бірақ 50 жыл бұрынғы оқиғаны көрсетеді.

«Доктор Стрэндж» фильмінен кадр

«Расплата» триллерінің табысы 2 730 600 теңге. басты кейіпкерді ойнаған Анна Кендрик, прототипі актрисаның анасы, шынайы өмірде ол кісі есепші болған. актриса осымен екінші рет Джонатан Кимбл Симмонмен бірге жұмыс істеп тұр. Бірінші рет 2009 жылы «Мне бы в небо» фильмінде бірлесіп жұмыс істеген.

«Девушка в поезде» картинасы 1 911 900 тенге, «Большой собачий побег» мультфильмі 1 432 000 теңге жинады.

Аутсайдерлер «Любовь без правил», кассасы 781 200 теңге, «Хороший мальчик» - 771 400 теңге және «Аисты» - 371 000 теңге.

 

* Материал подготовлен по данным системы Rentrak. В Казахстане к Rentrak подключена сеть кинотеатров Chaplin Cinemas.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер