È

«Тараз» фильмі «Бродвейде» онлайн

 «Тараз» фильмі «Бродвейде» онлайн

Режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбайдың «Тараз» толықметражды лентасян Brod.kz. сайтынан онлайн көре аласыздар. Кинотеатрдан драманы көре алмаған көрермендер кинолентаны өзінң ыңғайлы кезде небәрі 300 теңгеге жарнамасыз көре алады.

Сюжеттің ортасында Асан, Айдар және Сапар деген үш дос. Бәр күні кешке түнгі клубта олар төбелеске араласып кетеді, осы жағдай олардың арасындағы достыққа үлкен сын болады және үшеуінің де өмірін өзгертеді.

Картинаның басты кейіпкерлерін ойнаған актерлер: Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Гүлназ Жоланова, Жандос Айбасов, Төлепберген Байсақалов және басқалар.

Фильм өткен жылдың көктемінде Нұртас Адамбайдың туған қаласы Тараз қаласында түсірілді. Картинаның қоюшы-операторы – Азамат Дулатов.

Драманың тұсаукесері 2016 жылдың 13 қазанында болды. Прокаттың алғашқы 4 күнінде «Тараз» фильмі 85 миллион теңге пайда түсірді. Түсірушілердің айтуынша, кинолентаның бюджеті 400 мың доллар.

Фильм шетелдегі байқаларға да қатысты: Genre Celebration Film Festival кинофестивалінде «Үздік драмалық фильм» атанды және «Үздік операторлық жұмыс» номинациясын жеңіп алды.

естеріңізге сала кетейік, кәсіби кинопортал «Бродвей» кинокомпанияларды фильмдер мен сериалдарын сайтқа орналастыруға шақырады. Біз авторлық құқықтың сақталатынына кепілдік береміз және кинотеатрда онлайн көрсету арқылы табыс түсіруге мүмкіндік бар екенін ескертеміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер