«Тараз» фильмі кинофестивальдарға аттанды
отандық прокатқа шығып үлгермеген Нұртас Адамбайдың«Тараз» фильмі бірқатар халықаралық кинофестивальдердің негізгі бағдарламасына енді. Бұл туралы режиссер өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында бөлісті.
Нұртас Адамбайдың хабарлауынша, лентабес кинофестивальдің бағдарламасына енген: San Francisco International New Concept Film Festival (США), Hamilton Film Festival and Canadian Film Market (Канада), Gallup Film Festival (США), PrincetonIndependent Film Festival (США) и Festival Internacional de Cine de Autor (Мексика).

Festival Internacional de Cine de Autor (Мексика) фестивалі қазылар алқасы мүшелерінің бірі Ерзан Ортега өзінің хатында оператордың нақты жұмысын, актерлық құрамның мықтылығын, фильмнің ерекше стилін атап өтті. Сондай-ақ кинематографист фильмге ынтық болғанын, оны Festival Internacional de Cine de Autor фестивалінде «Жылдың үздік» фильмі аталымына ұсынатынын айтып өтті.
Қазіргі кезде «Тараз» авторлары басқа да кинофестивальдардан жауап күтіп отыр.
Естеріңізге сала кетейіік, фильмнің түсіріліміне Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров, Төлепберген Байсақалов, Асан Мәжит қатысы. «Тараз» драмасы прокатқа 6 қазанда шығады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін