«Тоқал» фильмі прокатта 10 миллион теңге пайда түсірді
Отандық прокатта тағы да көш бастаған «Моана» мультфильмі. Диснейлік ханшайымның жаңа оқиғасы 210 709 180 теңге табыс тапты. Қызық, о баста оқиға жартылай құдай Мауи мен оның көмекшісі Моана туралы болмақ еді. Бірақ кейіннен өзгертіліпті. Керісінше Мауи көмекшіге, ал Моана басты кейіпкерге айналды.Гавайлық ханшайымды дыбыстаған Аулия Кравальо, ал оның досы жыртылай құдайды дыбыстаған - Дуэйн Джонсон.
Рейтингтегі екінші орынды ешкімге бергісі келмей тұрған - «Фантастические твари». Джоан Роулингтің жаңа туындысы Warner Bros студиясына 48 282 160 теңге табыс әкелді. Джонни Депп Геллерт Гриндевальдтың рөлін ойнады – ол Альбус Дамблдордың сүйіктісінің басты қарсыласы. 2007 жылы жазушы профессордың дәстүрлі емес ориентациясы туралы айтқан болатын. Түсірушілердің айтуынша, «Фантастические тварей и где они обитают» фильмінің екінші бөлімі Дамблдордың жеке өмірі жайлы.

«Моана» мультфильмінен кадр
Прокаттағы жаңалық - француздық комедия «2+1» 37 564 100 теңге пайда түсіре алды. Фильмнің режиссері Хьюго Желен басты рөлге актер Омара Сиді шақырыпты. Картинаның ерекше атауы - «Demain tout commence» («Барлығы ертең басталады»), бірақ ресейлік прокатшылар оны «2+1» деп өзгертіпті, Олар басты рөлде омар ойнаған «1+1»фильміне сілтеме жасаған екен.
Қазақстандық-ресейлік жоба «28 панфиловшылар» өз позициясында берік тұр. Әскери лента 32 283 720 теңге кіріс кіргізді. Панфиловшылар туралы картинаны петербургтік команда LIBYAN PALETTE жасады. Бұрын жария болғанындай фильм краудфандинг көмегімен жүзеге асқан. қаражатты жинауға 35 мың адам атсалысқан, олардың есімдері титрда көрсетілді.
Тағы бір әскери драма батыстық өнім «По соображениям совести» 20 215 600 теңге жинады. Десмонд Досстың рөлін ойнаған Эндрю Гарфилд, оның туған қаласына, үйіне барған. Сондай-ақ Гарфилд кейіпкері туралы барлық кітаптарды оқып шығыпты.

«2+1» фильмінен кадр
Роберт Земекистің «Союзники» фильмінің табысы 17 724 120 теңге. Алғашқы сценарий бойынша басты кейіпкер франко-канадалық контрразведка агенті. Бірақ кейін бұл рөлге Брэд Питт бекітілген соң кейіпкер британдық агент болып өзгертілді. Брэд Питт пен Джаред Харрис үшін бұл үшінші бірлескен жоба. олар екеуі бірге «Двенадцать друзей Оушена» (2004) және «Загадочная история Бенджамина Баттона» (2008) фильмдеріне түскен.
«Гламур для дур» фильмі прокаттың екінші аптасында табысын аздап азайтты. Асқар Ұзабаевтың комедиясы жалпы қоржынға небәрі 15 033 800 теңге сала алды. Түсірілім басталғанша кейіпкердің үлкен әпкесі Бибінің рөліне Баян Есентаева бекіиілген болатын. алайда нітижесінде оның орнын актриса әрі тележүргізуші Әсел Ақбарова басты. Актриса үшін «Гламур для дур» толық метрдегі дебюті.
Ресейлік-армяндық фильм «Землетрясение» өткен аптаны 14 776 900 теңгемен аяқтады. Фильм болған оқиға негізінде түсірілген, 1988 жылы арменияда алапат жер сілкінісі болды. Сценариймен төрт жыл бойы Сергей Юдаков, Алексей Гравицкий, Арсен Даниелян және Грант Барсегян айналысты. Режиссер Сарик Андреасян Мәскеуде Гюмриде 10 000 шаршы метр декорация жасап, түсірілмдер өткізді.

«Союзники» фильмінен кадр
Қазақстандық драма «Токал» тұсаукесерлік аптада 12 434 320 теңге жинап үлгерді. Фильмнің продюсері Гаухар Нұртас, ол режиссерлық орынтақты ресейлік маман Евгений Чельцовқа ұсыныпты. Отандық актерлерден бөлек фильмге голливудтық актер Джексон Рэтбоун («Сумерки») қатысты. Ол фильмнің сценарийімен таныса сала бірден түсуге келісімін берген.
11 миллион теңгеден кем тапқандар: «Новогодний корпоратив» - 10 609 040 теңге, «Под покровом ночи» - 7 621 850 теңге, «Плохой Санта 2» - 4 960 000 теңге, «Хакер» - 3 795 000 теңге, «Три лимона» - 15 300 теңге.
*Материал Rentrak жүйесі мен Ticketon.kz. деректері бойынша әзірленді
Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін