È

«Қош бол, Медеу!» фильміне 35 жыл толды

«Қош бол, Медеу!» фильміне 35 жыл толды

7 қыркүйекте режиссер Зденек Подскальскидің «Қош бол, Медеу!» фильміне 35 жыл толуына байланысты шығармашылық кездесу өтеді. Салтанатты шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді. Мерекелік жиынның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Халық әртістері Роза Рымбаева және Досхан Жолжақсынов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Димаш Ахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байқал Белбаев және басқалар.

«Қош бол, Медеу!» - 1981 жылы шыққан фильм-концерт. Сюжет бойынша Прагадан келген режиссер «Шығыс ертегісі» деп аталатын әншілер мен вокалды-аспаптар ансамблінің қатысуымен мұздағы шоу ұйымдастырмақ болады. Ол өзінің картинасын Қазақстанда түсіреді. Лента қазақтың ескі ұлттық дәстүрлерін, Қазақстанның экзотикалық табиғатын, тау шыңында орналасқан теңдесі жоқ Медеу мұз айдынын көрсетеді.

Фильм - «Қазақфильм» киностудиясы мен «Баррандов» чех киностудиясы бірігіп түсірген жоба. Сценарий авторы - Валерий Карен және Виктор Дусил. Композитор - Витезлав Гадл.

Кинокартинаның түсіріліміне Роза Рымбаева, Досқан Жолжақсынов, Ерік Жолжақсынов, Димаш Ахимов қатысты. Сондай-ақ фильмге: «Балет на льду», «Ревю на льду» Мәскеу мемлекеттік балет ансамбльдері, «Стадион» (Прага) спорт қоғамы, «Отырар Сазы», «Гүлдер», «Көкшетау», «Алма-Ата жас балеті» ансамбльдері қатысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер